Толқын Забирова: Мамама ауыр болып тұр

Танымал эстрада және опера әншісі Толқын Забирова коронавирус инфекциясын екінші рет жұқтырып алды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес, деп жүріп...Антителаның арқасында жеңілірек өтіп жатыр. Тек мамама ауыр болып тұр. Жасы – 74. Алла шипасын берсін мамама», – деп жазды әнші.

Сонымен қатар, ол уақытында вакцина алған дұрыс екенін атап өтті.

«Дер кезінде прививка алған дұрыс екен. Бір-ақ осындай жаста, үлкендерге салдыруға боларма екен?! Бәріміз аман болайық, ауырып жатқандарға Алла күш-қуат беріп, мына індеттен құтылып, мереке күндерде бас қосайық, достар», – деді Толқын Забирова.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр