Төлемегендерге айыппұл салынады: Алматыдағы автотұрақтар жұмыс істей бастады

Жақында мегаполистің ақылы автотұрақтары қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылды.

Алматы, NEGE. Енді оларды бірыңғай оператор – «Алматы автотұрағы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басқарады. Қалалық автотұрақтар штаттық режимде жұмыс істейді. Төлем тарифке сәйкес алынады.

Мамандар олардың жұмысын қадағалайды. Төлемеген жағдайда айыппұл салынады.