Төлегетай баба мен Қылышты ата рухына арналған ғылыми-танымдық конференция мәресіне жетті
ұйымдастырылды.
Қызылорда, NEGE. Жиынға зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ профессор-оқытушылар және бірқатар студент қатысты. Шара басында тарихи тұлғалардың өмір жолына тоқталған облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов облыс әкімі Н.Нәлібаевтың конференция қатысушыларына арнаған құттықтау хатын оқыды.
Шараға қатысқандар халқымыздың мәдени және рухани мұрасының тағылымы туралы кеңінен сөз қозғап, ғылыми жазбаларын ортаға салды. Атап айтар болсақ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан Зәкенұлы «Ортағасыр деректеріндегі Найман мемлекеті және оның күйреуі» тақырыбында, «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қорының «Шығыс Қазақстан өңірі тарихы мен мәдениетін балама зерделеу» жобасының жетекшісі Айбек Кәрімов «Қылышты қожа – Төлегетай баба ұрпақтары тағдырының сабақтастығы» жөнінде, ҚР бас прокуратурасының өкілі Кенжебек Әлқожаев «Ортағасырлық Қазақстан: Ислам дінінің қалыптасуы және ханафи мазхабы теологтарының рөлі» турасында, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Талғат Жолдасұлы «Қожа әулеттерінің Орталық Азия халықтарының тарихындағы орны: Сейіт Бұрханиддин Қылыш әулеті мысалында (XIII-XIX ғ.ғ.)», Қырғыз Республикасының жазушы-тарихшысы Мұса Сапаев «Молда Нияз – көчмөндүк цивилизациясының тұлғасы» жайында тамаша баяндама жасады.
Ал «Төлегетай баба» қоғамдық қорының президенті Дайрабай Ысқақұлы бабалар ерлігін ұлықтау мақсатында өскелең ұрпаққа әрдайым насихаттап отыру керектігін айтты.
– Қазіргі таңда бабалар арманы орындалып, қазақ елі бірлігі мен ынтымағы жарасқан, бейбіт мемлекетке айналды. Сыр еліндегі республикалық ғылыми-танымдық конференцияның мақсаты да сол – бабалар еңбегін ұлықтау. Қазақ қай шежіреден, ұлыстан, рудан болмасын әр уақыт еңбекті, бірлікті ту еткен, – деп сөзін сабақтады Дайрабай Ысқақұлы.