Токиодағы Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне қанша сыйақы беріледі

Токиодағы Паралимпиада жүлделі орынға ие болған қазақстандық спортшыларға қанша сыйақы берілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz порталы.

Алматы, NEGE.  Паралимпиада Қазақстан қоржынына алтын алып келген пауэрлифтер Давид Дегтяревке мемлекеттен 250 мың доллар берілмек. Ал күміс еншілеген Әнуар Сариев, Зарина Байбатина және Теміржан Дәулеттің әрқайсысына тағайындалатын сыйақы сомасы 150 мың долларды құрайды. Су спортынан қола иеленген Нұрдәулет Жұмағали мемлекеттен 75 мың долларлық сыйақы алады. 

Бұға қоса, бесінші орынға табан тіреген спортшылар Рахметжан Хамаев, Алина Солодухина, Жанбота Аманжол және Нұрлан Домбаевқа 10 мың доллар берілсе, жарысты алтыншы орын аяқтаған Ержан Сәлімгереев, Сиязбек Далиев және Дастан Мұқашбековке 5 мың доллар табысталады. 

Паралимпиадаға қатысқан спортшыларға жалпы 860 мың доллар төленбек. 

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады