Токиодағы Олимпиада ойындары көрерменсіз өтеді

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары шетелдік көрерменсіз өтеді.

Алматы, NEGE. Жапонияның Ойындарды ұйымдастыру комитетінен мәлім еткендей, шетелдік жанкүйерлерге билет құны қайтарылады.

Tokyo Games ұйымдастырушылары 4,5 миллионға жуық билетті ішкі лотерея арқылы сатқан.

Алайда өткен жылы 800 мыңнан астам билетті қайтару жөнінде өтінім түскен.

Kyodo-ның жазуынша, шет мемлекеттерде Токиодағы Олимпиада ойындарына 1 миллионға жуық билет сатылып үлгерген.

Еске салайық, Токио Ойындары биыл 23 шілде – 8 тамыз аралығында, Паралимпиада ойындары 24 тамыз – 5 қыркүйек күндері өтеді.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті