Токиодағы Олимпиада: әр стадионға 10 мың адам кіргізіледі

Токиода өтетін Олимпиада ойындарын тамашалау үшін әр стадионға 10 мың жанкүйер ғана кіргізіледі.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің өкілдері хабарлады. Сақтық мақсатында жасалған ережеге сәйкес, трибуналар тек жартылай толы болуы тиіс. Ал елдегі ахуал күрт нашарлап, төтенше жағдай жарияланған жағдайда спорттық кешенге кіргізілетін көрермен саны бұдан да қысқаруы мүмкін. Айта өтейік, жазғы Олимпиада ойындары шілденің 23-інде басталып, 8 тамызға дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды