Токио Олимпиадасында бокстан алғашқы алтын медаль иегері анықталды

Токиодағы Олимпиада-2020 ойындарында бокс турниріндегі алғашқы чемпион анықталды.

 Алматы, NEGE. Олимпиада-2020 ойындарындағы бокстан дебюттік «алтын» әйелдер арасында ойнатылды. 57 келіге дейінгі салмақ санатында финалда филиппин боксшысы Неcти Петесио мен жапон спортшысы Сэна Ириэ қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жекте 5:0 есебімен жапон қызы жеңіске жетті.

Италиялық Ирме Тесте мен британ боксшысы Кэррисс Артингстолл қола алды. Олимпиада-2020 ойындарының бокстан ерлер арасындағы алғашқы чемпион бүгін кешке анықталады. 69 келіге дейінгі салмақ санатында британдық Пэт Маккормак мен кубалық боксшы Рониэль Иглесиас жұдырықтаспақ. 

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты