Токио Олимпиадасы: теннисші Юлия Путинцева жарысты тоқтатты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Токио Олимпиадасындағы алғашқы кездесуінде жарысты жалғастырудан бас тартты.

Алматы, NEGE. Бірінші айналымда ол аргентиналық Надия Подороскамен кездескен. Путинцева бірінші сетте 6:7 есебімен жеңілді. Ал екінші сетте 3:1 есебімен алда келе жатқан, бірақ кейін матчті жалғастырудан бас тартты. 

Айта кетейік, кеше қазақстандық тағы бір теннисші Зарина Дияс та жарақат алып, Токио Олимпиадасымен қоштасқан болатын. Александр Бублик те келесі айналымға шыға алмай қалған еді. 

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты