Токио олимпиадасы өз уақытында өте ме?

Токио олимпиадасы енді кейінге шегерілмейтін болды.

Алматы, NEGE. Токиодағы Олимпиада ойындары енді кейінге шегерілмей, белгіленген уақытта өтеді. Жапония премьер-министрі мен Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы осындай келісімге келді. Негізі дүбірлі дода биыл жазға жоспарланған болатын. Алайда пандемияға байланысты оны бір жылға кейінге шегеріп, 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өткізу шешімі қабылданған. Соңғы уақытта шара тағы да кейінгі қалдырылуы мүмкін деген әңгіме желдей есіп жүр. Оған қатысатын спортшылардың қауіпсіздігіне байланысты алаңдаушылық білдіргендер де аз емес. Бұл ретте халықаралық олимпиада комитеті атлеттерді вакцинациялауға қатысты шығынды өз мойнына алатынын жеткізді. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды