Токио Олимпиадасы коронавирусқа қарсы вакцина шықса ғана өтуі мүмкін

2021 жылға ауыстырылған Токиодағы Олимпиада және Паралимпиадалық ойындар коронавирус бақылауға алынған жағдайда ғана өткізілуі мүмкін.

Алматы, NEGE. Бұл туралы «Токио 2020» ұйымдастыру комитетінің президенті Есиро Мори мәлімдеді. Моридің пікірінше, Олимпиада ойындарын өткізу туралы шешім қабылдауға әсер ететін маңызды фактор – коронавирусқа қарсы вакциналар немесе коронавирусты емдеу әдістерінң болу-болмауы. Ұйымдастыру комитетінің президенті егер қазіргі жағдай өзгермесе, Олимпиада өткізілмеуі мүмкін екенін айтты.

Бірақ соңғы шешімді Халықаралық Олимпиада комитеті қабылдайды. Моридің айтуынша, егер Токио Олимпиадасы 2021 жылы өткізілмесе, оны қайтадан кейінге қалдыру қиын болады. Өйткені Олимпиаданы 2028 жылға дейін өткізетін қалалар анықталып қойған. 2022 жылы қысқы ойындар Пекинде, 2024 жылы жазғы ойындар Парижде өтеді.

Қазір оқып жатыр

Туризм министрлігі АҚШ-тан арнайы шақырған қонағын қарсы алуды ұмытып кеткен

Ұлытауда төрт баланың анасы азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапты

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған