Токио Олимпиадасы: қазақстандық алғашқы спортшы жарысын бастады

Токио Олимпиадасында қазақстандық алғашқы спортшы жарыс жолына шықты.

Алматы, NEGE. Академиялық есу жарысына Владислав Яковлев сынға түсті. Қазақстандық спортшы өз тобында үшінші орын алып, іріктеудің бірінші айналымынан өтті. Іріктеу сайыстарының нәтижесі бойынша Яковлев 7.10.08 уақытын көрсетіп, ширек финалға жолдама алды.Есушілердің жекелей сындағы финалы 30 шілдеде өтеді.

Ал бүгін садақшылар да бақ сынайды. Сайысқа Денис Ганькин, Санжар Мұсаев пен Ильфат Абдуллин қатысады. Іріктеу Нұр-Сұлтан уақытымен 10.00-де басталады. Ал 17.00-де Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. 

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты