Токио-2020: Садақ атудан ерлер құрамасы есе жіберді

Садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиада ойындарында командалық сайыста жеңіліс тапты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Бүгін Токио Олимпиадасында отандық садақшылар ерлер арасында командалық сайыс бойынша бақ сынады. Үндістан құрамасына қарсы ойында Қазақстан қарсыластарына 6:2 есебімен есе жіберді. Командалық бәсекеде ел құрама сапынан жарыс жолына Сандар Мұсаев, Ильфат Абдуллин және Денис Ганкин шықты. Айта кетерлігі, аталған спортшылар жекелей сайыс бойынша жарысты жалғастырады. Садақ атудан жекелей жарыстың келесі айналымы 27 және 29 шілде күндері өтеді.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты