Токио-2020: Рыбакина қарсыласын қапы қалдырды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасындағы алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады.

Алматы, NEGE. Бірінші айналымда оның қарсыласы аустралиялық Саманта Стосур болды.

1 сағат 10 минутқа созылған сайыста қарсыласынан 6:4 және 6:2 есебімен екі басым түскен қазақстандық тениисші жарыстың келесі раундына шықты.

Тағы бір қазақстандық теннисші Александр Бублик ресейлік Даниил Медведевпен күш сынасып жатыр.