«Токио-2020» Олимпиада алауы эстафетасының бағыты жарияланды

Олимпиада алауының эстафетасы 2021 жылдың 25 наурызында басталады.

Алматы, NEGE. Фукусима префектурасынан басталып, 121 күн бойы Жапонияның 47 префектурасын аралайтын алау бағыты өзгерген жоқ. 2021 жылы шығыс Жапониядағы жер сілкінісіне он жыл болады. Табиғи апаттан зардап шеккен аймақтар бүгінде қалпына келіп үлгірген. Ұйымдастырушылар жер сілкінісінен мейілінше көп зақымданған аймақтардың қазіргі келбетін көпшілікке көрсетуге мүдделі. 9 шілде күні алау Токиодағы Олимпиадалық стадионға әкелініп, 23 шілде күні ойынның ашылу салтанатында тұтанады. Коронавирустан қорғану талаптары туралы ұйымдастырушылар кейінірек хабарлайды. Olympic.kz
 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?