Токио-2020: Мөлдір Жаңбырбай украиналық қарсыласымен тең түсті

Токио Олимпиадасында қазақстандық Мөлдір Жаңбырбай (55 келі) каратэ-додан екінші жекпе-жегін өткізді.

Алматы, NEGE. Екінші кездесуінде Мөлдір украиналық Анжелика Терлюгамен кездесті. Алғашқы сәттерде қарсыласы бірден үш ұпай алып кетті. Одан кейін Мөлдір қайтадан таразы басын теңестірді. Жекпе-жек 4:4 есебімен тең аяқталды. Анжелика Терлюга 1992 жылдың 27 мамырында дүниеге келген.

Бүгінгі дейін Еуропа чемпионатында 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль алған. Сондай-ақ, еуропалық ойындарда күміс жүлдегер атанды. Айта кетсек, Мөлдір Жаңбырбай В тобында сынға түседі. Қарсыластары - украиналық Анжелика Терлюга, жапониялық Михо Мияхара, австриялық Беттина Планк және мысырлық Радван Сайед. Мөлдір алғашқы жекпе-жегінде мысырлық Радван Сайедті жеңсе, одан кейін австриялық Беттина Планкқа есе жіберді. Енді қазақстандық спортшы төртінші жекпе-жегінде жапониялық Михо Мияхарамен кездеседі.

Олимпиадада әйелдер арасында 55 келіде сынға түсіп жатқан 9 каратэ-до шебері екі топқа бөлінген. Әрбір топтағы спортшылар бір-бірімен кездеседі. Үздік шыққан екеуі жартылай финалға шығады. Жартылай финалда төрт спортшы өзара бір-бірімен кездесіп, үздік үштікті анықтайды.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады