Токио-2020: Демеу Жадыраев алғашқы айналымда жеңіліп қалды

Токио Олимпиадасында грек-рим күресінен белдесулер жалғасып жатыр. Бүгін Қазақстан сапынан бозкілемге Демеу Жадыраев шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Ерлер арасында 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жапониялық Якибу Сохейге жол берді. Тартысты белдесуде 5:3 есебімен жапониялық балуанның еншісіне шешілді. 

Айта кетерлігі, Якибу Сохей финалға шыққан жағдайда Демеу Жадыраев жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты