Токио-2020: Дәулет Ниязбеков жұбаныш белдесуіне қатысады

Токио Олимпиадасында еркін күрестен Дәулет Ниязбеков (65 келі) жұбаныш белдесуіне қатысады.

Алматы,  NEGE. Дәулет бұл мүмкіндікке әзербайжандық Гаджи Әлиев финалға шыққаннан кейін қол жеткізіп отыр. Ол аталған қарсыласына жартылай финалда 1:9 есебімен жол берген еді. Дәулет алғашқы жекпе-жегінде кубалық Алехандро Вальдесті 21:11 есебімен жеңген болатын. Г. Әлиев жартылай финалда үндістандық Баджранг Баджрангты 12:5 есебімен ұтты.

Осылайша, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алып отыр. Дәулеттің ендігі қарсыласы - сенегалдық Адама Диатта. Белдесу 7 тамыз, елорда уақытымен шамамен сағат 15:52-ге белгіленген.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады