Токио-2020: Бүгін Қамшыбек Қоңқабаев жарыс алаңына шығады
Токиодағы Олимпиада төрінде бокстан 91 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғайтын Қамшыбек Қоңқабаев финалға берілер жолдаманы сарапқа салады.
Алматы, NEGE. Ұлттық құраманың капитаны жартылай финалда америкалық Ричард Торреспен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:20-да басталады деп жоспарланған. Сондай-ақ велошабандоз Сергей Пономарев спринтте жүлдеге таласып көреді.