Токио-2020: әйелдер күресінен Татьяна Ахметова қарсыласынан ұтылды

Токио Олимпиадасында әйелдер күресі бойынша жарыстар жалғасып жатыр.

Алматы, NEGE. Бүгін Қазақстан құрамасынан Татьяна Ахметова кілемге шықты, деп хабарлайды Хабар 24 Olympic.kz-ке сілтеме жасап. Әйелдер арасында 53 келіде бозкілемге шыққан Татьяна Ахметова алғашқы айналымда қарсыласына жол берді.

Ол әлем чемпионатының қола жүлдегері, Польша спортшысы Роксана Марта Засинадан 3:2 есебімен жеңілді.  Айта кетерлігі, Польша өкілі Роксана Марта Засина финалға шыққан жағдайда отандасымыз Татьяна Ахметова жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады. 

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады