Тоқал мәселесін заңдастыруға қалай қарайсыз?

– Өзіңіз де білесіз, мынандай ұлан-ғайыр жерде бар-жоғы 18 млн халықпыз. Мүмкін тоқал алу мәселесін заңдастыру керек шығар. Қалай ойлайсыз? Осы мәселеге көзқарасыңыз қандай?

– Біреуге ұнар, біреуге ұнамас. Бірақ өзімнің айтарым, Абайдың алты әйелі болды. Тағы да сүйген қыздары болды. Біздің тірегіміз, біздің үлгі тұтқан адамымыздың істеп отырғаны анау деп қарайсың. Дұрыс емес деп ойлайсың. Бірақ полигамды дейміз, ұқпаса да ұғатын нәрсені айтайын. Табиғатта барлық жан-жануар полигамды. Мысалы, 10 тауыққа – бір ғана әтеш, 10 сиырға – бір бұқа, бір үйір жылқыға – бір айғыр. Бұл не? Бұл – табиғат заңдылығы. Ал адамдарды шектеп тастады. Бұрынғы кезде көп әйел алған байлар болды. Оның барлығы мүмкіншілікке байланысты. Сенің табиғатың мүмкіншілік берсе, қанша әйел алсаң да болады. Бұл – табиғи көрініс. Бұл – биологиялық жаратылыстағы жағдай. Адам да сондай. Мынадай әзіл шығыпты ғой: өзбектерде екі әйел алуға рұқсат беріпті. Ал қазақтарға екі сиыр ұстауға рұқсат дейді.

Қазір оқып жатыр

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?