Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Досаев орынбасарларын азайта ма?

Алматы әкімдігі «президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Ерболат Досаевтың орынбасарлары азая ма?» деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. Жергілікті биліктің мәліметінше, қазір Алматы қаласы әкімінің бес орынбасары бар. Бұл санды ел үкіметі өткен жылдың 9 желтоқсанында бекіткен болатын.

"Әкімдіктердегі мемлекеттік қызметшілер санын қысқарту мәселесі үкіметтің құзырында. Тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін Алматы әкімдігі құрылым мен Алматы қаласы әкімдігінің орынбасарлары арасындағы қадағалауды қайта қарайды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.