Тоқаевтың КСРО елшілігінде жұмыс істеген кезіндегі суреті жарияланды

Қазақстан Президенті баспасөз қызметінің 'Борт № 1' Telegram-арнасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тағы бір суретін жариялады.

Алматы, NEGE. "Сенбілік сурет. Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңес Одағының Қытай Халық Республикасындағы елшілігінде қызмет атқарып жүрген кез. Фото екі ел шекарасына жол жүрер алдында түсірілген, 1989 жыл", - делінген хабарламада.