Ол Қазақстанды меңзеген жоқ: Тоқаевтың кеңесшісі Путиннің сұхбаты туралы

Қазақстан Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Олжас Құдайбергенов Ресей президенті сұқбатындағы "орыс халқының сыйға тартқан территориялары" туралы айтылған жеріне қатысты түсінік берді.

Алматы, NEGE. "Егер фильмді толық қарап шықсаңыз, онда, негізгінен Украина туралы сөз болып жатқанын аңғаруға болады. Шамасы, елдің атауын тікелей атамау керек болғандықтан, көптік мағынада ол айтыла бастады, содан кейін де басқа посткеңестік республикалардың әрқайсысы мұны өзіне қатыстырып ойлап алып жатқан секілді. Бірақ сол сұқбаттан кейін баспасөз хатшысы бұл айтылған нәрсеге қатысты дереу түсініктеме беріп, бір түсінбестіктің алдын алды. Ол Ресейдің ешбір республикаға территориялық мәселеде ешқандай кінәрат тағып, талап қоймайтынын кесіп айтты. Іс жүзінде Президенттер де адам баласы, сұқбат бергенде ойын сәтсіз жеткізіп қалатын кезі болады, ондайда баспасөз хатшысы оны түзеп, қоғамдағы түсінбестің алдын алады. Бұл қарапайым практика. Жалпы, ол фильмде Украина туралы айтылып жатқаны анық", - деп жазды Құдайбергенов Facebook-тегі парақшасында.

Ол Қазақстанның географиялық жағдайы Украинаға қарағанда өзгеше екенін, сондықтан Ресей территориялық мәселеде бізге ешқандай кінәрат тағып, талап қоя алмайтынын айтты. Мәселен, бізде Қара теңіз флоты сияқты даулы стратегиялық нысандар жоқ.

"Тіпті, Ресей тарапынан территориялық мәселеге қатысты қандай да бір дау көтеріп жатса, олар әдетте салмағы жоқ саясат сахнасындағы қойылымды "ойнаушылар" немесе маригиналдар болып келеді, ал оларға сөзді де, уақытты да шығындап қажеті жоқ", - дейді ол.

"Ресей. Кремль. Путин" фильмінде Владимир Путин конституцияға енгізілген өзгертулерге түсінік бере отырып, КСРО республикаларының одақ құрамынан шығуға құқығы бар болғанын, алайда ол одақтық келісімде көрсетілмегенін айтқан.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды