Тоқаевтың еңбек демалысы аяқталды

2 тамыздан бастап қысқа мерзімді еңбек демалысына шыққан президент жұмысына қайта кірісті.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қысқа мерзімді еңбек демалысы аяқталды. Бүгін Президент жұмыс кестесіне сәйкес премьер-министр Әлихан Смайыловты қабылдайды", - делінген хабарламада.