Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аяқталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аяқталды, деп хабарлады Ақорда.

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барған болатын.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді.

Президент «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитіне қатысып, сонымен қатар іскерлік орта өкілдерімен кездесті.