Тоқаевтың баспасөз хатшысы Михаил Козачковқа қатысты пікір білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына журналист Михаил Козачковқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына орай бірқатар медиа қоғамдастық өкілі үндеу жолдады, деді Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

Алматы, NEGE. Ол бұл туралы өзінің фейсбук парақшасында жазды. 

«Осыған байланысты бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өту қажет. Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті.

Қазақстан азаматы ретінде журналистің барлық заңды құқығы толық сақталуға тиіс», - деп жазды Руслан Желдібай. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр