Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті
«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды.
Астана, NEGE. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай шешімге компанияның өз міндеттерін тиісті дәрежеде орындамауы себеп болған.
«Бұл шешім компанияның стратегиялық инвестициялық жобаларын жүзеге асыру қарқынының баяу жүруіне, сондай-ақ жаңа генерациялау қуаттарын салу мен пайдалануға беру мерзімдерінің сақталуына бақылаудың жеткіліксіз болуына байланысты қабылданды», – деді Үкіметтегілер.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында елдегі электр энергиясын өндіру көлемін сынға алған болатын.
Әзірге Қайрат Мақсұтовтың орнына кім тағайындалатыны жарияланған жоқ.