Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды
«Қазпоштаның» бұрынғы басшысы Әсел Жанасова Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Астана, NEGE. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әсел Жанасова президенттің кеңесшісі қызметінен босатылып, жаңа қызметке тағайындалды.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды», – делінген хабарламада.
Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
2010 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Кембридж университетінде білім алған. 2014 жылы Кембридж университетінде магистратураны тәмамдаған. Сондай-ақ Мәскеу мемлекеттік университетінде Executive Management бағдарламасы бойынша оқыған.
2010-2014 жылдары – Лондон қаласындағы халықаралық компанияның ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы, Ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, Киберқауіпсіздік департаментінің директоры.
2014-2016 жылдары ҚР Ұлттық банкінің цифрлық технологиялар департаменті директорының орынбасары.
2016-2017 жылдары – «Зерде ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.
2017-2018 жылдары – «Астана» халықаралық қаржы орталығы басқарушысының кеңесшісі.
2018-2020 жылдары – «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры.
2020-2022 жылдары – сауда және интеграция министрінің орынбасары.
2022-2025 жылдары «Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарған. 2025 жылғы 8 маусымда президенттің кеңесшісі болып тағайындалды.