Тоқаевты Instagram блоктап тастады

Футзалдан Қазақстан құрамасы мен 'Атырау' командасының ойыншысы Жомарт Токаевтың аккаунтын Instagram әлеуметтік желісі блоктап тастады.

Бұл туралы "Футзал Казахстан" телеграм-арнасы хабарлады. 

Алматы, NEGE. Ойыншының өзі әлеуметтік желісін не үшін бұғаттап тастағанын білмейтін айтады. Тоқаев әлеуметтік желінің тұтынушылардың қолдау қызметіне хабарласқан. Бірақ жауап алмады. 

Еске салайық, 22 жастағы Тоқаев Еуро-2022 турнирінде Қазақстан құрамасының белді ойыншыларының бірі болды. Ал оның Италия құрамасына соққан добы турнирдегі ең әдемі голдардың бірі есептелді.