Cирия Президенті Башар Әл-Асад Тоқаевқа алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Cирия Президенті Башар Әл-Асад Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты.

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының атына Сирия Президентінен жеделхат келіп түсті. Онда Башар Әл-Асад биыл ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты.

Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды, – деп жазылған жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

Ақсудан соң Алматыда не болмақ?

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?