Тоқаев: Жұрттың алдында ойын ойнау ойымда жоқ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы ұсыныстар болғанын мәлімдеді.

Алматы, NEGE.  «Ашығын айтайын: осы отырысқа дайындалу кезінде маған өңірлердің, ведомстволардың кей бірінші басшыларын жұмыстан босатуға, тіпті барлық үкіметті отставкаға жіберу туралы кеңестер айтылды. Мұны қоғам жақсы қабылдайды, "ұпай жинайсыз" деді. Бірақ маған ұпай жинаудың мүлде қажеті жоқ. Мен жауапты адамдарды тыңдауға және естуге дайынмын, бірақ жұрттың алдында ойын ойнау ойымда жоқ», - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтың сөзін келтіріп.​

Қасым-Жомарт Тоқаев кей әкімге ескерту мен сөгіс жариялағанын және осындай жазаға облыстар мен министрліктердің басқа да басшылары лайық екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліс қаңғыған жануарларды эвтаназиялау туралы заңды мақұлдады

Перизат Қайраттың түрмеде немен айналысатыны белгілі болды

Үш миллиардты бөлейік. ЦентрКредит басшылығының мотивациясы НЕГЕ керемет болды?

Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратындағы өрттің алдын ала себебі айтылды