Тоқаев жұмыс сапарымен Қырғызстанға барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қырғызстанға барады, деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, NEGE. "20-21 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Ата қаласына (Қырғызстан) барады", - делінген хабарламада.