Тоқаев жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 'Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы' Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп Ақорда.
Алматы, NEGE. Оған сәйкес Қазақстанда рәсімдердің үш түрі енгізіледі: азаматтардың соттан тыс банкроттығы, сот арқылы банкрот болу, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Барлық үш рәсімді тек борышкердің өзі ғана бастай алады.
Банкрот деп танылғандар 5 жылға дейін несие ала алмайды.
Бұдан бөлек Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.