Тоқаев жаңа Елшілерді тағайындады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Болгария, Литва және Албаниядағы Елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының жарлықтарымен Виктор Валерийұлы ТемірбаевҚазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Тимур Бейбітәліұлы ОразаевҚазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.