Тоқаев Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті

Мемлекет басшысы өңірдің зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті, деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, NEGE. Президент еліміз дамып, өркендеуі үшін алдағы саяси науқандар кезінде де, ең алдымен, ауызбіршілік қажет екеніне назар аударды.

– Ең басты мәселе – әділ, ашық болу керек. Осындай лайықты адамдар біздің Парламентке келсе, еліміздің дамуына үлес қосады деп үміттенемін. Дүниежүзінде болып жатқан жағдайды өздеріңіз жақсы білесіздер. Ішкі саясат та, сыртқы саясат та сындарлы, салмақты болуы керек. Ең басты міндетіміз – мемлекеттілігімізді сақтап қалу. Сын-қатерлер аз емес. Сондықтан бәріміз бір ел, бір халық, бір ұлт болып ұйысып, ел үшін қызмет етейік, – деді Президент.

Қазір оқып жатыр

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Калифорния тұрғындары Temu маркетплейсін сотқа берді

Бұралқы иттерге қатысты заң Президентке жолданды