Тоқаев Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.

Алматы, NEGE. Украина тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растады.

Қазір оқып жатыр

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Бұралқы иттерге қатысты заң Президентке жолданды

Ақсудан соң Алматыда не болмақ?

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін