ТОҚАЕВ ЗЕЛЕНСКИЙМЕН не туралы сөйлесті?

Мемлекет басшысы Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Астана, NEGE. «Украина тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Украина Президенті Владимир ЗЕЛЕНСКИЙМЕН телефон арқылы сөйлесті.

Екі ел басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растады», – деп хабарлады Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.