Тоқаев Зеленскийге көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Мемлекет басшысы Украинаның Харьков облысында ұшақ апаты салдарынан украиндық әскерилердің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған курсанттардың туған-туысқандарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен қауышуына тілектестік білдіремін», - делінген жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты