Тоқаев Вьетнам Премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесті

Кездесуде Мемлекет басшысы бүгін Президент Во Ванг Тхыонгпен нәтижелі келіссөз жүргізгенін және оның барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланғанын атап өтті.

Алматы, NEGE. Бүгін таңертең Президент Во Ван Тхыонгпен өте нәтижелі келіссөз жүргіздім. Біз көптеген саладағы қарым-қатынастарымыз бен ынтымақтастығымызды нығайтуға ықпал ететін өте маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Сондай-ақ Вьетнам кәсіпкерлерімен кездесу өткіздім. Олардың Қазақстан нарығындағы қызметін қолдауға дайынмын. Біз елімізде вьетнамдық бизнестің ұзақ уақыт жұмыс істеуіне шын мәнінде мүдделі болғандықтан көмек көрсетеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бүгін қол қойылған Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі үкіметаралық бірлескен іс-қимылдар жоспары сауда, инвестиция, технология, ауыл шаруашылығы, транзит және туризм сияқты маңызды салалар бойынша екі елдің өзара байланыстарын жандандыруға ықпал ететін негізгі құжат болатынына сенім білдірді.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін