Тоқаев Венадағы терактіге қатысты пікір білдірді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Австрия астанасында болған лаңкестік әрекетке қатысты пікір білдірді.

Алматы, NEGE. «Венадағы жантүршігерлік терактіні ешқандай ақтап алуға болмайды. Австрия үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын. Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек», – деп жазды Тоқаев өзінің twitter-дегі парақшасында.

Дүйсенбі күні кешке Венада алты жерде, соның ішінде синагоганың жанында атыс болды. Үш адам қайтыс болды, 15 адам жарақат алды, олардың ішінде бір полиция қызметкері бар. Қайғылы жайтқа байланысты елде үш күндік аза тұту жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған