Президент Ұлттық қорға қатысты заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республиканың бюджеті мен Ұлттық қорына қатысты заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдік берілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Еске сала кетейік, 5 мамырда Сенат депутаттары «Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңды және 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізу туралы шешім қабылдаған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды