12 сентября 2022 г. 8:55
Тоқаев Ұлыбритания Королі ІІІ Чарльзге құттықтау жеделхатын жіберді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльздің таққа отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Алматы, NEGE. – Қазақстан Ұлыбританиямен берік достық байланыстарға, қарқынды саяси диалогқа, өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген берік стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Түрлі салалардағы, оның ішінде халықаралық аренадағы жан-жақты ынтымақтастығымыз достас халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі нығая беретініне кәміл сенімдімін, - деп жазылған жеделхатта.
Құттықтау соңында Президент Корольдің барлық игі бастамаларына толағай табыс, ал король отбасы мүшелері мен британдықтарға бақ-береке тіледі.