Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді.

Алматы, NEGE.  "10 шілде күні сағат 11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы бейнебайланыс режимінде өтеді", - деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында.

Оның айтуынша, жиында еліміздің биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытудың міндеттерін белгілеп береді.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты