Тоқаев: «Түркі жұрты Байкалдан Балқанға дейінгі ұлан-ғайыр аумақты жайлап жатыр»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіндегі негізгі баяндамасы басталды.

Алматы, NEGE. «Түркі жұрты Байкалдан Балқанға дейінгі ұлан-ғайыр аумақты жайлап жатыр. Түркі әлемінің өркениеті Ұлы даладан бастау алатыны баршаға мәлім. Осы ортақ құндылықтарымыздың мұрагері – Түркі мемлекеттері ұйымы.

Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымын одан әрі дамытуға мүдделі. Түркі ықпалдастығын тереңдету – ортақ мұрат. Біз «Түркі әлемі» атты жаңа брендті дәріптеуіміз керек. Сонда ғана түркі халықтарының ынтымағы барынша нығайып, әлеуеті арта түседі. 

Қазақстан ұйымға төраға ретінде өзара іс-қимылды жандандыруға баса мән беріп отыр. Сондай-ақ біз түрлі саладағы байланысты орнықтыруға, халықаралық беделімізді көтеруге күш саламыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамасында. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі

FlyArystan әуе билеттерін 20% жеңілдікпен сатып алуға болады

«Қазмырыш» кәсіпорнында болған төтенше жағдай салдарынан екі адам қаза тапты

Қаңтар оқиғасынан кейін 4 жыл өтсе де қару-жарақ әлі табылып жатыр