Тоқаев Тәжікстан президенті Рахмонмен кездесу өткізді

«Орталық Азия + Араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді.

Алматы, NEGE. Екі ел басшылары Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастардың даму қарқыны жоғары екенін атап өтіп, Эмомали Рахмонның биыл мамыр айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын қарастырды.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін талқылады.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін