Тоқаев сынға алған Төтенше жағдайлар вице-министрі Күлдіков отставкаға кету туралы өтініш берді

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі вице-министр Марат Күлдіковтің қызметтен босату жөнінде өтініш берді.

Алматы, NEGE. «Марат Күлдіков қызметінен босату туралы өтінішті өз еркімен жазды. Қазіргі таңда оның лауазымнан босауын мақұлдау жұмыстары жүріп жатыр», - делінген ТЖМ таратқан хабарламада. 

Күлдіков 2020 жылдың қазан айында Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр болып тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай ауданындағы өртке қатысты Күлдіковтың баяндамасын сынға алған болатын.