Тоқаев Си Цзиньпиннің ұсынысын қабылдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыртуын қабылдап, БРИКС+ форматындағы келіссөздерге қатысатын болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Елорда, NEGE. «21 маусымда Мемлекет басшысы Ақордада Қазақстанның шахмат федерациясы өкілдерімен және отандық танымал шахматшылармен кездеседі.
23 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық полицияның 30 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысады.
24 маусымжа Президент ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен ғаламдық даму бойынша БРИКС форматында видеоконференция режимінде келіссөздерге қатысады», деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
БРИКС-ке Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және ОАР мүше. Си Цзиньпин Қ.Тоқаевты келіссөздерге қатысуға шақырғаны 22 мамырда белгілі болған еді.