Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Алматы, NEGE. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданы маңында China Eastern Airlines әуе компаниясы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырағанына байланысты көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдаған.

"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтың және жеке өзімнің атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ, достас қытай халқына қайғыра көңіл айтамын", - делінген жеделхатта.