Тоқаев шетел басшылары мен қазақстандықтарға алғыс білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы қайғылы оқиғаға орай көңіл айтқан барлық шет мемлекеттер басшылары мен қазақстандықтарға ризашылығын білдірді

.

Алматы, NEGE«Қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтып, осынау қиын сәтте жылы лебіздерін жолдап, қолдау көрсеткен мемлекеттер басшыларына, қоғам қайраткерлеріне, азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін», – деп жазды Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Апатқа байланысты Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Франция, Өзбекстан президенттері мен Түркия Сыртқы істер министрлігі көңіл айтқан болатын.