Тоқаев шенеуніктерді қысқартуды тапсырды

Мемлекет басшысы шенеуніктерді биыл 10, келесі жылы 15 пайызға қысқартуды тапсырды.

Алматы, NEGE. «Мемлекеттік қызметтің жүйесін қайта қарау керек. Пандемия мен мемлекеттік органдағы көптеген қызметкерді қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру мемаппаратты қысқарту керек екенін көрсетті. Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік секторын қысқарту мерзімін жылдамдатуды тапсырамын. Биыл олардың санын 10 пайызға қысқарту қажет. Келесі жылы тағы 15 пайызға қысқарту керек. Осылайша, шенеуніктерді 25 пайызға қысқарту тапсырмасын 2021 жылы шешіп боламыз. Нәтиже мен цифрландыруға байланысты тағы да қысқарту мәселесін қараймыз. Үнемделген қаражат арқылы қалған қызметкерлердің жалақысы арттырылады», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Бектенов шетелдік рұқсат бланкілерін беруді цифрландыру жұмысын жалғастыруды тапсырды

Бағдаршамнан 133 км/сағ жылдамдықпен өткен: Астанада Porsche жүргізушісі қамалды

Құлыбаевтың біз біле бермейтін бизнесі. «Кар Сити» НЕГЕ миллиард әкелді?

Атырауда полиция басшылары қызметінен шеттетілді